Жаңалықтар
Давлатов – әлем чемпионатының жүлдегері
Дәл қазір Италияда дюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні жеңіл және орта салмақтағы бәсекелер болды. 60 келіге дейінгілер арасында ел намысын қорғаған Шерзод Давлатов қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш белдесуінде ресейлік дзюдошыны ұтты. Ал, қола жүлде үшін күресте өзбекстандық спортшыдан басым түсті. Алтын жүлде грузиялық Георгий Сардалашвилиге бұйырды. Ол финалда әзірбайжандық Тұран Байрамовты жеңді.Әлем чемпионаты 11-ші қазанға дейін жалғасады. Осы аралықта ұлттық құраманың 10 өкілі татамиге шығып, Шерзодтың жеңіс жолын жалғастыруға тырысады.