Жаңалықтар

Contender Dammam турнирі: үстел теннисінен астаналық спортшылардың топтық жеңістері

2025 жылдың 7 желтоқсанында Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен Contender Dammam халықаралық турнирі басталды. Байрақты бәсекеде әлемнің 20 елінен 165 спортшы бақ сынауда. Сайыстың алғашқы күндері Астана қаласының спортшыларынан құралған команда жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

* 1 орын – U19, аралас жұп: Цвигун Алиса
* 2 орын – U15, аралас жұп: Сапабек Арайлым
* 3 орын – U19, аралас жұп: Токтамыс Нурбол, Лаврова Елизавета

Айта кетейік, турнир әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта спортшылар жеке кездесулерде бақ сынауда.

Бас қала теннисшілеріне алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button