Жаңалықтар

Чемпиондар елге оралды (фото)

Азия чемпиондарын Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайынан достары, туыстары, жанкүйерлері күтіп алды. Жастар арасындағы құрлықтық доданы биыл Дубай қабылдаған. Қазақстандық боксшылар12 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Оның 8-і алтын. Бұған қоса қоржында  2 күміс пен 2 қола бар. Осының арқасында  Қайрат Сатжанов баптайтын жігіттер жалпы командалық есепте топ бастады. Үздік үштікті Өзбекстан мен Үндістан түйіндеді. Бұған қоса, орта салмақта ел намысын қорғаған Елнұр Сүйінбай турнирдің ең шебер боксшысы атанды. Ол финалда үндістандық былғары қолғап шеберімен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ерекше айта кетерлігі, елордадан  үш спортшы аттанып, үшеуі де алтын алды. Яғни, 48 келіге дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай финалда үндістандық қарсыласы Вишнават Сурешті 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтса, Бақберген Алиасқаров 75 келі салмақта Иран спортшысы Фардин Халифелуды 4:1 есебімен ұтты. 86 келіде Темірлан Мұқатаев Өзбекістан өкілі Уралов Диербекті 5:0 есебімен ұтып , жарыс жеңімпазы атанды. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жарыс тамыз айының 24 мен 30 аралығында өтті.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button