Жаңалықтар

Бүгін – мемлекеттік рәміздер күні

 

Тәуелсіз елдің символдарына 28 жыл толып отыр. 1992 жылдың 4-ші маусымда мемлекеттік рәміздер алғаш рет бекітілді. Бұл тарихи сәт егемен ел үшін мәңгі есте сақталады. Ту, Елтаңба және Әнұран – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Көгілдір түсті Туымыз жаһан жұртына Қазақстан деп аталатын жаңа тәуелсіз елдің бет-бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік Ту бекітілді. Егемен елдің Елтаңбасы – қос сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың ерен еңбегінің нәтижесі. Мемлекеттік рәміздердің бірі – Әнұран. 2006 жылғы қаңтардың 6-да Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттің Әнұраны болып бекітілді. Бүгінгі таңда айтулы күнді барша жұрт ерекше мерекелеп, мән-маңызын өскелең ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.

#МеніңТуым #МемлекеттікРәміздер #БізБіргеміз #МеніңЕлімҚазақстан

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button