Жаңалықтар

Бүгін – халықаралық қарттар күні

«Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген бар. Сондықтан, үлкендерге үнемі құрмет көрсетіп, барынша ардақтауға тиіспіз. Біздің ұжым бұл мәселеге жіті көңіл бөледі. Әсіресе, осындай керемет мереке аясында спорт саласында ерен еңбек еткен ардагерлерімізге ыстық ықыласымызды білдіреміз. Атап айтқанда, біздің мектеп өкілдері Старостин Юрий Михайлович (шаңғы жарысы),Тусупбекова Майра Масхаповна (спорттық би), Альмурзиев Николай Шамсудинович (еркін күрес),Красникова Светлана Дмитриевна (көркем гимнастика), Турчак Сергей Иванович (бокс), Мустафин Маулет Ибраевич (бокс), Данияров Болат Мырзагазинович (дзюдо), Кудрявцев Александр Алексеевичтер (жүзу) бүкіл өмірін осы салаға арнады. Тіпті, әлі күнге дейін қызмет етіп жүргендері де бар. Айта кету керек, барлығы – елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы- оқытушылар. «Толғай» ЖСШМ ұжымы атынан оларға амандық тілейміз. Немере мен шөберелерінің қызығын көре берсін. Шәкірттері жеңіс тұғырынан табылып, жетістіктерімен қуанта берсін.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button