Жаңалықтар

БОКСТАН ОЛИМПИАДА 2024 АЛАМАНЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ НҰРБЕК ОРАЛБАЙДЫ ЕЛОРДАЛЫҚТАР ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

БОКСТАН ОЛИМПИАДА 2024 АЛАМАНЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ НҰРБЕК ОРАЛБАЙДЫ ЕЛОРДАЛЫҚТАР ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Бүгін, 12 тамыз Астана қаласы халықаралық әуежайынан бокстан елімізге күміс медаль сыйлаған Нұрбек Оралбай елге оралды.

Париж Олимпиадасы 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Нұрбекті ата-анасы, туған-туыстары, дос-жарандары күтіп алды. Осы орайда, «Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Акимов та бой көрсетті. Және бокстан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Нұрбектің жеке бапкері Асқар Еркебаевты құттықтап, үлкен сенім білдірді өз инстаграмм @akimov_olzhas парақшасында.

«Ассаляму алейкум, баршаңызға! Қазақ еліне алғысым шексіз, қолдап жатқандарыңызға. Міне, екінші орын алып қалдым, оған да шүкір. Енді бұнымен тоқтамай дайындалып, келесі Олимпиада ойындарында қазақ елін қуантып, әнұранымызды шырқатып алтынмен ораламын деген ниеттемін.
– Иа, кішкентаймыздан Олимпиада чемпионы болғымыз келген. Сол бізге мотивация.
– ⁠Иа, мен Хижнякпен екінші кездесуім болды. Білемін ол боксерды. Ағайларымыздың айтуларымен, тактикасымен жасадық. Дұрыс тактика болды деп ойлаймын».
https://www.instagram.com/p/C-kY9BtMjyu/

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button