Жаңалықтар

Бокстан Абай облысы әкімінің кубогында елордалық спортшылар жүлделі орындармен оралды

25 тамыз – 1 қыркүйек аралығы Семей қаласында өткен жарыста Астана қаласының боксшылары 3 күміс және 2 қола медаль иеленді. Атап айтқанда, 50 келі салмақта Жүсупов Асхат, 70 келі салмақ категориясында Әбдреш Нұркадам мен 80 келі салмақ бойынша Алияасқаров Бақбергендер жүлделі екінші орынды жеңіп алса, 90 келі салмақ дәрежесінде Мусаев Билял мен 50 келі салмақтағы спортшылар арасында Мақсұтов Ринат үшінші орыннан көрінді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button