Жаңалықтар

БИЫЛҒЫ ЖЫЛ ЕЛОРДАНЫҢ СПОРТ САЛАСЫ ҮШІН ЖЕМІСТІ ЖЫЛ БОЛДЫ

Күні кеше, 10 желтоқсан, «Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Акимов бастамасымен Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының 2024 жыл қорытынды кеңес іс-шарасы өтті.

Дирекцияға қарасты 97 спорт түрлерінен Астана құрамасы медальдар санымен ерекшеленді.
Осы ретте, биылғы жылдың басты додасы Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай және Паралимпиада ойындарының пара дзюдо бойынша Ақмарал Науатбек – алтын, Ерғали Шәмей – күміс жүлделерін атап өту керек.

Сондай-ақ, Қазақстан үшін алғаш рет ұйымдастырылған спорттық дода V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына 8 спорт түрінен 16 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 8 алтын, 3 күміс, 5 қола медальдарын ескерген жөн.

2024 жылғы жас ерекшеліктері бойынша Әлем, Азия чемпионаттарының үздіктері де елорада спортының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Маңызды мәнге ие есептік талдау тыңдалымында 2025 жылғы жоспарлары бойынша қалалық аға-жаттықтырушыларға тапсырмалар жүктеліп, жаттығу барысындағы тәртіптік және сақтық шараларын қатаң бақылау ескертілді.

2025 жылдың қысқы спорт түрлері бойынша негізгі додасы – Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығы өтетін Қысқы Азия ойындарында табысты өнер көрсетулері үшін ҚР Ұлттық құрама командасының жоспарына сәйкес оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысулары қамтамасыз етілу үстінде. Астана қаласының спортты дамыту дирекциясынан 5 спорт түрі бойынша 21 спортшының қатысуы жоспарлануда.

Сондай-ақ, жиында мекеменің 2024 жыл үздіктері «Аманат» партиясы, Қазақстан спортшылар одағы, Астана қаласы әкімінің орынбасары және «Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button