Жаңалықтар
Биыл 48 дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылады
Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуінде айтты. «Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде 100 дене шынықтыру және сауықтыру кешеннің құрылысы жүріп жатыр. 2019 жылы 13 кешен ашылса, биыл 48-інің құрылысы аяқталады. Жалпы өткен жылы əр түрлі 1238 спорт нысаны пайдалануға берілген. Бұл қатарда елордадағы «Жекпе-Жек» сарайы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпірұлы атындағы кешен, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі бар»,- деді Ақтоты Райымқұлова.