Жаңалықтар

Белбеу күресінен ХV Әлем Чемпионаты!

2017 жылдың 21-23 шілде аралығында Астана қаласында көптен күткен белбеу күресінен Әлем Чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс Әлемдік деңгейде өткізілді, жарысқа Қазақстан, Ресей, Грузия, Эстония, Индия, Өзбекістан, Латвия, Молдова, Украина, Қытай т.б. мемлекеттерден 180-нен аса спортшылар белдесті. ХV-ші Әлем Чемпионатына спортшылар жан-жақты дайындалып келді, белдескен спортшылардың басым бөлігі Спорт шеберлері және Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. «Толағай»ЖСШМ»-нен Әлем Чемпионатына 9 спортшымыз жолдама алып, ӘЧ тыңғылықты дайындалды, арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізді, дәрумендермен қамтамасыз етілді, психологпен жұмыс жасады, барлығы жүлделі орындарға ие болып, келесі нәтижелер көрсетті:

Сатбаев Дидар – І орын, Кулманбетов Айдос – І орын, Муратхан Берикбол – І орын,

Осканов Эскархан – ІІ орын, Дюсембаева Ботагоз – ІІ орын, Шаймерден Биржан – ІІ орын,

Абдрахманов Мадияр – ІІІ орын, Курбанкулов Ауезхан – ІІІ орын.

Спортшыларымызды мақтан етеміз және құттықтаймыз !!!

Ұқсас мақалалар

Back to top button