Жаңалықтар

Белбеу күресінен Чемпион

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 14-18 маусым күндері белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары және 8 облыс қатысты. Қатысушылардың саны 170 астам болды. «Толағай» жоғары спорт мектебінің» балуандары бар күштерін салып, Қазақстан Республикасының Чемпионы атағына күресіп, келесідей жетістіктерге жетті:

Спорт шебері Сатбаев Дидар 62 кг салмақ категориясында өзінің қарсыластарын жеңіп Қазақстан Республикасының Чемпионы атағына ие болды.

Спорт шебері Шайзында Асыл 75 салмақ категориясында күміс жүлдегері атанды.

Чемпионымыз бен жүлдегерімізді құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button