Жаңалықтар

Белбеу күресінен Әлем Кубогы .

2017 жылдың 26 – 28 мамыр айының аралығында  Белбеу күресінен Ресей мемлекеті Оренбург қаласында  ересектер арасында Әлем Кубогы аяқталды.

Атаулы жарысқа Грузия, Израил, Украина, Латвия, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан  тағыда басқа мемлекеттерден 120 дан астам спортшылар қатысты. Біздің Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы командалық есепте ІІ орынды жеңіп алды. Біздің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінен Белбеу күресінен Спорт шебері – Саятов Нұртас  атты спортшымыз қатысып, 62 келі салмақ дәрежесінде белдесіп ІІІ орынды жеңіп алды. Жартылай финалда  Өзбекстан елінің балуанына есе жіберіп, қанағаттанарлық белдесулер жасады. ІІІ орын үшін белдесуде 11:9 есебімен Қырғызстан  балуанын жеңіп алды.

Әлем Кубогы алдында спортшымыз психологпен жұмыс, 2 уақытылы оқу-жаттығу жиындарын жасады.

Спортшымызды құттықтаймыз !

Ұқсас мақалалар

Back to top button