ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі

Азия чемпионатында топ жарған Қазақстандық былғары қолғап шеберлері елге оралды

Бүгін Амман қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында топ жарған Қазақстандық былғары қолғап шеберлері елге оралды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СПОРТ•ОЛИМПИАДА•АСТАНА (@drs_olympic_astana)


Спортшыларымызды елорда әуежайынан Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері, туыстары мен достары ыстық ықыласпен күтіп алды.

Еске салсақ, бокстан Қазақстан әйелдер, ерлер құрамасы 2022 жылғы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында өз ойындарын аяқтап, жалпы командалық есепте медальдар саны бойынша бірінші орын иеленген болатын. Қазақстан ерлер құрамасы сапындағы Санжар Ташкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Айбек Оралбай (-92 кг) Азия чемпионы атанса, Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92кг) финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Ал Саматәлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг) қола медаль алды. Сондай-ақ әйелдер арасындағы бәсекеде Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг) мен Карина Ибрагимова (57 кг) топ жарса, Гүлсая Ержан (81 кг) күміс медаль иегері атанған. Сондай-ақ Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мадина Нұршеева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81кг) өз салмағында үштікті түйіндеді.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button