Жаңалықтар
Азия чемпионатында елордалық спортшылар жеңіске жетті

Үндістанның Шринагар қаласында 2025 жылдың 25–30 қыркүйегі аралығында пенчак силаттан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 12 елден 400-ге жуық спортшы қатысты.
Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🏅 Қамал Сұлтан – 1 орын, тандинг 87 кг
🥉 Құдайберген Елдос – 3 орын, тандинг 51 кг
Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!