Астаналық жүзушілер жастар чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

13–17 қазан аралығында Талдықорған қаласында 2007 жылғы және одан да кіші спортшылар арасында жастардың Қазақстан чемпионаты өтті. Елорда командасы жарыс бойы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Астаналық жүзушілер жарыс барысында түрлі қашықтықтар мен эстафеталарда үздік өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.
Чемпионат қорытындысы:
🥇 Ерлан Жания – 200 м брасс, 400 м кешенді жүзу
🥇 Жумагулов Ришат – 50 м баттерфляй
🥇 Туребаева Айжан – 200 м баттерфляй
🥇 Мухин Александр – 200 м баттерфляй
🥇 Эстафета 4×100 м еркін жүзу (ерлер) – Жумагулов Ришат, Кулыяс Фатих, Ахметов Алдияр, Миронычев Александр
🥇 Эстафета 4×50 м еркін жүзу (қыздар) – Макулжанова Малика, Туребаева Айжан, Ерлан Жания, Нурлыбекова Ханзада
🥈 Миронычев Александр – 50 м еркін жүзу, 100 м баттерфляй
🥈 Ерлан Жания – 100 м брасс
🥈 Жумагулов Ришат – 100 м баттерфляй
🥈 Туребаева Айжан – 50 м баттерфляй
🥈 Маринина Диана – 50 м брасс
🥈 Нурлыбекова Ханзада – 200 м баттерфляй
🥈 Эстафета 4×100 м еркін жүзу (ерлер)
🥈 Эстафета 4×200 м еркін жүзу (ерлер)
🥈 Эстафета 4×100 м кешенді жүзу (қыздар) – Нурлыбекова Ханзада, Маринина Диана, Туребаева Айжан, Ерлан Жания
🥉 Жумагулов Ришат – 50 м еркін жүзу
🥉 Макулжанова Малика – 50 м еркін жүзу
🥉 Мухин Александр – 400 м еркін жүзу
🥉 Миронычев Александр – 50 м баттерфляй
🥉 Конысбаева Адель – 200 м баттерфляй
🥉 Эстафета 4×50 м еркін жүзу (ерлер)
🥉 Эстафета 4×200 м еркін жүзу (қыздар)
🥉 Эстафета 4×100 м кешенді жүзу (ерлер) – Нуржанов Тимур, Скорик Роман, Жумагулов Ришат, Миронычев Александр
Жалпы есепте астаналық спортшылар 9 алтын, 10 күміс, 10 қола медаль жеңіп алды. Жас жүзушілері өздерінің жоғары дайындықтары мен табандылықтарының арқасында елорда командасының намысын абыроймен қорғап, жарысты табысты аяқтады.