Жаңалықтар

Астаналық спорттық балықшылар құрамасы Еуразия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

14–18 қазан аралығында Ресей Федерациясының Адыгея Республикасындағы «Кужора» балық аулау-спорт кешенінде алғаш рет карп аулаудан (карпфишинг) «Еуразия чемпионаты – 2025» жарысы өтті. Аталмыш додада 11 елдің командалары бақ сынады.

Қазақстан құрамасы сапында Астана қаласының спорттық балық аулау федерациясының мүшелері — Антон Радионов, Вячеслав Байгужин, Максим Сон және Рустам Абдуллаев өнер көрсетті.

Тартысты бәйгеде Қазақстан құрамасы 3-орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл жетістік – соңғы 10 жылда ұлттық құрама үшін халықаралық деңгейдегі тарихи жеңіс болып саналады.

Еліміздің намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button