Жаңалықтар
Астаналық спортшылар Сурдлимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысты

Ағымдағы жылдың 7–19 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында сурдо дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен бірлескен арнайы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті. Бұл жиын алдағы XXV жазғы Сурдлимпиадалық ойындарына дайындық мақсатында ұйымдастырылды.
Астана қаласынан аталған оқу-жаттығу жиынына келесі спортшылар қатысты:
– Файзулина Амина (70 кг),
– Хапизов Сабиржан (+100 кг).
Жеке жаттықтырушылары – Данияров Болат Мырзагазинович.
Елорда спортшылары жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, алдағы Сурдлимпиада ойындарында ел намысын лайықты қорғауға ниетті.