Жаңалықтар
Астаналық спортшылар пара армрестлингтен Әлем чемпионатында жүлдегер атанды

13–18 қыркүйек аралығында Болгарияның Албена қаласында пара армрестлингтен Әлем чемпионаты өтті. Дүниежүзілік додада 24 мемлекеттен келген 547 спортшы бақ сынады.
Елорда намысын қорғаған спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті.
- Ескенов Ербол (CPD санаты, 55 кг) екі қолда да қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды. Нақтырақ айтқанда, сол қол бойынша 1-орын, оң қолдан да 1-орынды жеңіп алды.
- Буркитов Бекзат (CPD санаты, 65 кг) жүлделі орыннан көрініп, 2-орын (сол қол), 3-орын (оң қол) иеленді.
Жарыс қорытындысы елордалық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.







