Жаңалықтар
Астаналық ерекше спортшылар Қазақстан Республикасы чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті
11-13 мамыр
Талдықорған қаласында жүзуден 16 жастан жоғары ерлер мен әйелдер сондай-ақ, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер, қыздар арасында есту қабілеті зақымдалған спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатында бақ сынасты.
Аталған спорттық жарысқа 12 аймақтан 100 астам спортшы бас қосты.
15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен жарыстың нәтижесі бойынша елорда құрамасы 7 алтын, 2 күміс медаль еншіленіп, жалпы командалық 2 орынды жеңіп алды.
Және 16 жастан жоғары спортшылар арасындағы жарыс қортындысы бойынша 3 алтын, 12 күміс, 15 қола медаль Астана қоржынына түсті.