Жаңалықтар
Астаналық джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында топ жарды

2025 жылдың 1–15 қараша аралығында Бангкок (Таиланд Корольдігі) қаласында джиу-джитсудан ересектер және жасөспірімдер (U21, U18, U16) арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Биылғы дүбірлі додаға 59 мемлекеттен 1095 спортшы қатысуда.
Астана қаласының спортшылары өз жас ерекшеліктері мен салмақ дәрежелері бойынша тамаша нәтиже көрсетуде:
🥇 Алиакпаров Абдурахман – U16, 77 келі, неваза
🥇 Рузахунов Кемаль – U16, 69 келі, неваза
🥇 Алибек Али – U16, 77+ келі, неваза
🥇 Безрукова Линара – U16, 57 келі, неваза
🥇 Цой Анеля – U18, 48 келі, неваза
🥉 Мехдиева Джамиля – U16, 48 келі, неваза
Ал Кабдуллаев Мерей (U21, 85 келі, неваза) жарысын ертең бастайды.





