Жаңалықтар

Астаналық боксшылар Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

12–22 қазан аралығында Семей қаласында ерлер арасында және әйелдер боксы бойынша Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен мықты спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты. Биылғы жарысқа еліміздің 20 командасынан әйелдер боксы бойынша 119 спортшы, ерлер арасындағы бәсекеге 240 былғары қолғап шебері қатысты.

Астана құрамасы лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
• Волосенко Римма – 1 орын (60кг)
• Хальзова Валентина – 1 орын (75 кг)
• Нұрсейітов Тимур – 2 орын (75 кг)
• Ибрагимова Мерей – 3 орын (70 кг)

Астаналық боксшылардың бұл жеңісі – табындылық мен жаттықтырушылардың еңбегінің жемісі.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button