Жаңалықтар
Астаналық балуандар әлем кубогында жүлдегер атанды

29–31 қазан аралығында Түркістан қаласында өткен Қазақ күресінен Әлем кубогында ел намысын қорғаған астаналық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.
55 келі салмақ дәрежесінде Даулет Диас қарсыластарына дес бермей, 1-орын иеленіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Ал 66 келіде белдескен Алдаберген Нурдаулет үздік үштікке еніп, қола жүлде жеңіп алды.
Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысып, тартысты белдесулер өтті.
Астаналық балуандарды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!






