Жаңалықтар
Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем кубогында елордалық спортшылар үздік нәтиже көрсетті

2025 жылдың 7–9 қарашасы аралығында Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынында жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем кубогының бірінші кезеңі өтті.
Жарыс нәтижесінде астаналық спортшылар бірнеше жүлделі орындарға қол жеткізді.
Богдан Вехов жеке сында 1500 және 1000 метр қашықтықтарында екі бірдей алтын медаль жеңіп алып, ел тарихында болмаған рекорд орнатты 🥇🥇.
Аралас командалық эстафетада Алпысбай Нурия, Цой Павел, Вехов Богдан және Жолдас Тамирлан күміс жүлдеге 🥈және ерлер арасындағы командалық жарыста (3000м) Цой Павел, Вехов Богдан және Жолдас Тамирлан қола медальға 🥉 ие болды.






