Жаңалықтар

АСТАНАДА ӨТКЕН «OTBASY DUATLON 2022» ЖАРЫСЫНА ЖҮЗДЕН АСТАМ ОТБАСЫ ҚАТЫСТЫ

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от СПОРТ•ОЛИМПИАДА•АСТАНА (@drs_olympic_astana)

 

АСТАНАДА ӨТКЕН «OTBASY DUATLON 2022» ЖАРЫСЫНА ЖҮЗДЕН АСТАМ ОТБАСЫ ҚАТЫСТЫ

Астанадағы Триатлон саябағында өткен отбасылық дуатлонға елордалық 109 отбасы қатысты, деп хабарлайды қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш сайыс балалар жылының орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Сайысқа, Астана қаласының барлық ниет білдірген отбасылары қатысты.

Шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы Жылқыбаев және жарыстың бас төрешісі Дәулет Тұратұлы Хамзин қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, жарыс ережесімен таныстырды. Сонымен қатар, шара аясында ве­ло­­сипедке мінген ата-ана­лар мен балалар фитнес жат­тық­тырушылардың жетек­шілігімен аздап жаттығу жасап, жарыс алдында бір ширап алды.

Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізілді. Еңсеретін қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрады.

– «OTBASY DUATLON 2022» дәстүрге айналды. Биыл алтыншы рет өткізіп отырмыз. Жарысқа қатысуға ниет білдірген отбасылар едәуір артты. Келер жылы 5-6 жастағы балаларды қоспақшымыз. Жарысқа қатысуға өтінімдер алдын ала электронды түрде қабылданды, міндетті түрде шлем мен дәрі­гердің рұқсаты болуы керек. Жалпы, биылғы дуатлонда балалар үшін үш санат – 8-9, 10-11 және 12-13 жас белгіленді. Отбасылық сайыстың алғашқы бөлімінде жалпы ұзындығы 4,5 шақырым қашықтыққа – алдымен 2,1 қашықтыққа әкелер жүгірді, одан әрі эстафетаны велосипедке мінген аналар алды. Жарысты балалар мәреге дейін 200 метр жүгірумен аяқтады», – дейді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Барлық қатысушы отбасыға қатысқаны үшін финишорлық медальдармен «GALANZ bottlers» компаниясы ұсынған «Sevens» суы табысталып, жеңімпаздар I, II, III орын дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, яғни әр жеңімпаз команда мүшелеріне теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт сағат, велосипед секілді бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button