Жаңалықтар

Астанада өткен халықаралық турнирде елордалық құрама жеңімпаз атанды

2026 жылдың 27–29 наурыз күндері Астана қаласында баскетболдан қыздар арасында CABA аймағы (Орталық Азия елдерінің баскетбол аймағы) бойынша FIBA Азия U18 кубогына іріктеу турнирі өтті.

Аталған жарыста Астана қаласының құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, барлық кездесулерде басымдық танытып, турнир қорытындысы бойынша 1-орынды иеленді.

Елордалық баскетболшылар алаңда ұйымшылдық пен шеберлік көрсетіп, қарсыластарынан айқын басым түсті.
Толығырақ айта кетсек, САВА аймағына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан елдері кіреді.

Жеңімпаз спортшыларымызды құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button