Жаңалықтар
Астана теннисшілері халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді

2026 жылдың 6–11 сәуірі аралығында Тәжікстанның Душанбе қаласында ITF J30 Dushanbe халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарыста астаналық спортшылар өз шеберліктерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Жұптық сында Мустафа Мустафа Арафат Билал мен Юрекли Даниэль қарсыластарынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар, Юрекли Даниэль жекелей сында финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Елорда теннисшілері халықаралық додада сәтті өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.
Спортшылар мен бапкерлерді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!





