Жаңалықтар
Астана спортшылары «Странджа кубогында» 5 жүлде жеңіп алды

Болгарияның София қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында 76-шы халықаралық «Странджа кубогы» турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы бәсекеге 22 елден 143 ер және 79 әйел былғары қолғап шебері қатысып, үздіктерді анықтады.
🏆🥊Жүлдегерлер:
🥇Алтын медаль:
Ляззат Күнгейбаева (81+ кг)
🥈Күміс медаль:
Тимур Нұрсейітов (75 кг)
Нұрбек Оралбай (86 кг)
Айбек Оралбай (+92 кг)
Римма Волосенко (60 кг)