Жаңалықтар
Астана спортшылары ел чемпионатында жүлдегер атанды

2026 жылдың 9–11 қаңтар күндері Астана қаласында жабық кешенде ересектер арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа еліміздің 19 аймағынан 258 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Астана қаласының спортшылары бұл чемпионатта жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Күміс жүлдегерлер:
🥈 Ан Виктория — 60 метр
🥈 Колода Екатерина — 800 метр
🥈 4×400 метрлік микс эстафетасы:
Ан Виктория, Кондрашова Кристина,
Мади Токенов, Аскар Амержанов
Қола жүлде:
🥉 Мади Токенов — 400 метр
Сондай-ақ, Астана қаласының 3 спортшысы ағымдағы жылдың 6–8 ақпаны аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтетін Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады.





