Жаңалықтар

Астана құрамасы дзюдодан ел чемпионатында екінші орын алды

2025 жылдың 9–13 қараша аралығында Семей қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан жиналған 600-ге жуық мықты дзюдошының арасынан үздіктер анықталды.

Жеке сында астаналық спортшы Қайратова Ханзада 63 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.
Аралас командалық сайыс нәтижесінде Астана қаласының құрамасы – 2-орынға тұрақтады.

Жалпыкомандалық есепте Абай облысы чемпион атанса, Қызылорда облысы үздік үштікті қорытындылады.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button