Астана қаласының хоккейшілері VI Қысқы спартакиаданың күміс жүлдегері атанды

8-13 ақпан аралығында Өскемен қаласындағы Борис Александров атындағы спорт кешенінде шайбалы хоккейден ерлер арасындағы VI Қысқы Спартакиаданың жеңімпаздары анықталды.
Бес күнге созылған тартысты додада Шығыс Қазақстан облысының командасы (4 жеңіс) алтын медальға ие болды. Астана қаласының хоккейшілері 3 жеңіс, 1 жеңіліспен Спартакиаданың күміс жүлдесін еншілесе, Алматы қаласы (2 жеңіс, 2 жеңіліс) үздік үштікті қорытындылады.
ШҚО мен Астана қаласының хоккейшілері 2013, 2017, 2025 жылдың шешуші ойындарында тағы жолықты. Финалдық матчта елордалықтар жылдам екі шайба соғып, біршама уақыт алда тұрған еді. Алайда жанкүйерлердің қызу қолдауымен алаң иелері екінші кезеңде алға шығып, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Жалпы, турнирде Астана, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 97 хоккейші бақ сынады.
Осылайша, төрт жылда бір өтетін Қысқы Спартакиадада елордалық спортшылар өз нәтижесін жақсартып, қола жүлдеден күміске көтерілді.