Жаңалықтар
Астана өз чемпиондарын қарсы алды

Алматыда 12 жасқа дейінгі кадеттер арасында өткен шахматтан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 19–30 қыркүйек күндері өткен бұл додаға 88 елден 842 жас шахматшы қатысып, оның ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 229 спортшы бақ сынап еді.
Жүзден жүйрік шыққан астаналық спортшылар байрақты бәсекеде қос алтын иеленді. Нақтырақ айтқанда, 8 жасқа дейінгі қыздар арасында Алиша Бисалиева, ал ұлдар арасында Адинур Адильбек әлем чемпионы атанды.
Жас шахматшыларды әуежайдан Астана қаласы спортты дамыту дирекциясының ұжымы қарсы алды. Жеңімпаздарға алдағы сындарда да тек қана жеңіс тілейміз!