Жаңалықтар

Ақтоты Райымқұлова МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жаңа төрағасын ұжымға таныстырды.

Ақтоты Райымқұлова МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жаңа төрағасын ұжымға таныстырды.
ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып Ерғалиев Самат Серікқанұлы тағайындалды. Самат Серікқанұлы он жылдан артық ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Ұлттық штаттық командалар дирекциясында бөлім басшысынан бастап, дирекция директоры болып қызмет атқарды.
2020 жылдың 16 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымына келді.
Елорда спортындағы бір жыл қызметі ішінде Самат Ерғалиев Нұр-Сұлтан қаласының спортына оң өзгерістер алып келіп, спортшыларға үлкен серпін беретін бірқатар жұмыстарды атқарды. Соның ішінде ең ауқымдыларына тоқталып өтсек;
– Он жылда алғаш рет елорда спортшыларының айлық қамтылым мөлшері ұлғайып, оны алатын спортшылар саны 84-тен 170-ке дейін артты. Жаңа қаулыға сәйкес, Олимпиада ойындарының елордалық жеңімпаздары 97 334 теңгенің орнынан 694 500 теңге алады. Сол секілді Әлем чемпионатының үздіктеріне төленетін ай сайынғы төлемақының көлемі де 93 794 теңгеден 277 800 теңгеге дейін өсті. Азия чемпионатының жеңімпаздары ай сайын  83 176 теңгенің орнына 222 240 теңге, ал Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары 79 637 теңгенің орнынан 166 680 теңге  төлемақы алады.
 @sport_nursultan

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button