Жаңалықтар

Ақмарал Науатбек дзюдодан әлем ойындарының чемпионы атанды

Пара дзюдодан 48 кг салмақ J -2 санатында (көру қабілеті нашар) Ақмарал Науатбек Әлем чемпионы атанды.
Финалдық белдесуде украиналық Юлия Ивантскаяны ұстау әдісімен ұтты.

Пара дзюдодан IBSA бүкіләлемдік ойындары өз бабын табуда. Әлем ойындарына 43 елден 250 жуық дзюдошылар сынға түсті.
Айта кетейік, 23-26 тамыз аралығында Бирмигем қаласында өтіп жатқан жарыс төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дода.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button