Жемқорлықпен күрес

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana»мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асыруда.

Бұл әмбебап құрал енді елорда азаматтарына кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тез және жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін «Stop сыбайлас жемқорлық» функциясын қамтиды. Осылайша, өз құқықтарын қорғау және әділ қоғам құру принциптеріне ықпал ету.

По антикоррупции 1 квартал 2024

 

 

Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған жағдайда не істеу керек –

Егер сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, онда сізге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) келесі тәсілдердің бірімен хабарласу қажет:

  1. Почта мекен-жайы бойынша жазбаша: 010000, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 үй, немесе тұрғылықты жер бойынша Аймақтық департаменттерге;
  2. kz электрондық үкімет порталының онлайн-сервисіарқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаның – ЭЦҚ болуы талап етіледі);
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы тегін 1424 нөмірі бойынша.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және дайындалып жатқан қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау: Тәулік бойы

 

 

Back to top button