Жаңалықтар
Анджей Кинзерский – Жапония ашық чемпионатының алғашқы шетелдік жеңімпазы

2025 жылдың 18–19 қазан күндері Токиода Шинкиокушинкай каратэден 57-ші Ашық Жапония абсолюттік чемпионаты өтті. Биылғы турнирдің басты жаңалығы — қазақстандық спортшы Анджей Кинзерскийдің тарихи жеңісі болды.
Ол ерлер арасындағы бәсекеде барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иегері атанды. Бұл – чемпионат тарихында алғаш рет жапон емес спортшының бас жүлдені иеленуімен есте қалды.
Бұл жетістік – Қазақстанның каратэ мектебінің жоғары деңгейі мен отандық спортшылардың әлемдік аренадағы беделін белгіледі.