Жаңалықтар
Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдеге ие болды

Астана қаласының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті. Ол 1000 метр қашықтықта нео-сеньорлар санатында бірінші орын алып, 1:21.74 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигл (1:22.77) иеленсе, қола норвегиялық Айне Наккенге бұйырды (1:23.50).
Бұған дейін Алина Дауранова командалық спринтте алтын, 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған болатын.