Жаңалықтар

Әлемдік рейтингке ілікті

Қазақстандық Бек Нұрмағамбет кәсіпқой боксшылар рейтингіне ілікті. 22 жастағы жерлесіміз жуырда ғана отандық промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырған еді. Ал, кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі күні кеше Минск қаласында өтті. Бек Нұрмағамбет венгриялық Тамас Ласкимкен жолығып, алғашқы раунда-ақ нокаутпен ұтты. Айта кету керек, қарсыласы  бұған дейін кәсіпқой бокста 19 мәрте жеңіске жеткен. Осының арқасында қазақстандық боксшы өз салмағындағы әлемдік рейтингтің 651-ші сатысына жайғасты. Естеріңізге сала кетейік, Бек әуесқой бокста да ұлттық құрамада болып, біраз жетістікке жетті. Тіпті, 2019жылы Азия чемпионы атанған еді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button