Жаңалықтар
Әлем кубогынан жүлделі орындар

2025 жылғы 20-21 қыркүйек аралығында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.
- Нариманов Жасулан – 58 кг салмақ дәрежесінде 1-орын
- Закариянов Азамат – 64 кг салмақ дәрежесінде 3-орын
- Сатова Аружан – 65 кг салмақ дәрежесінде 3-орын
Елордалық спортшылардың жеңісі – Астанадағы самбо спортының халықаралық деңгейде қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрсеткіші.