Жаңалықтар

Әлем кубогінде топ жарды

Болгарияның Софья қаласында қазіргі бессайыстан әлем кубогінің үшінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық Елена Потапенко мен Владислав Мищенко аралас жұптық сында жеңіске жетті. Олар бас-аяғы 1442 ұпай жинаған.  Екінші орында Беларусь спортшылары болса, Оңтүстік Корея командасы үздік үштікті түйіндеді. Турнирге жалпы есебі 12 команда қатысады. Жерлестерімізді жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда осы қарқыннан таймайды деген үміттеміз.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button