Жаңалықтар

Әлем чемпионатынан жүлде алды

Кебіспаев – әлем чемпионатының жүлдегері. Норвегияда күрес түрлерінен дүниежүзілік дода аяқталды. Жарыстың соңғы күндері классиктер белдесті. Жерлестеріміз арасынан жүлдеге 67 келідегі Алмат Кебіспев қана ілікті. Ол іріктеу сындарында Беларусь және Норвегия спортшыларын ұтты. Ал, жартылай финалда ресейлік Назир Абдуллаевқа есе жіберді.Үшінші орын үшін күресте түрік палуаны Мурат Фиратпен жолыққан. Тартысты өткен белдесу 7:4 есебімен аяқталды. Осылайша Алмат ұлттық құрама сапынан жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы және жалғыз спортшы болды. Айта кетейік, Алмат 2019 жылы да әлем чемпионатының қола жүлдегері атанан. Ол кезде 63 келіге дейінгілер арасында өнер көрсетті

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button