Жаңалықтар

Әлем Барысы

Ертең 8 қыркүйек күні Елордамызда с/к Барыс Аренада ұлттық спортымыз Қазақ Күресінен Әлемнің түйе палуандары арасында «Әлем Барысы» өтеді. Әлем Барысы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай өткізілгелі жатыр. Жарысқа 50 мемлекеттен аса мықты түйе палуан спортшылар қатыспақшы. Жарыстың ұтыс қоры жалпы 30 миллион теңгені құрайды. ҚР ұлттық құрама командасы ӘЧ жан-жақты, тыңғылықты дайындық жасады. Әлем Барысында жалпы 5 спортшы ел намысын қорғайды, олар: Ерғалиев Еламан, Айбек Нугмаров, Даурен Нуралинов, Ержан Шынкеев жәнеде Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» ЖСШМ»-де жаттықтырушы-оқытушы Естек Ерланның спортшысы қазақ күресінен ХДСШ, мақтан ететін спортшымыздың бірі Сейтен Айбат ел, мектеп намысын қорғайды.
Спортшыларымызды қолдаймыз, жанкүйер боламыз !
Алға Қазақстан !

#Астанаспортивная #АсетИсекешев #Астана #Казахстан#Астана_Акимат #smileAstana

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button