Жаңалықтар
ӘЙЕЛДЕР БОКСЫНАН ОЛИМПИАДА ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ ВАЛЕНТИНА ХАЛЬЗОВА ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
Бүгін, Астана қаласының әуежайынан Валентина Хальзованы туыстары, спорт саласының мамандары ізгі қошеметпен қарсы алды.
Естеріңізге салсақ, Таиланд мемлекетінің Бангкок қаласында бокстан Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңі өтті.
Аталған додада 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Валентина Хальзова Колумбия спортшысы Ширлейдис Орозокодан басым түсіп жеңіске жеткен болатын.