Жаңалықтар

Ағайынды Оралбайлар әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық боксшылар дәл қазір дүниежүзілік додаға дайындалып жатыр. Түркістан облысындағы жаттығу жиыны барысында спаррингтік кездесулер өткізіліп, ұлттық құрама жасақталды. Нәтижесінде, 80 келіде Нұрбек Оралбай, ал, 92 келіде Айбек Оралбай ел намысын қорғайтын болды. Асқар Еркебаев баптайтын жігіттер қазір соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Ал, ұлттық құрамадағы тағы бір боксшымыз Сағындық Тоғамбай әлемдік аламанға бармайтын болды. 86 келіге дейінгілер арасында ел намысын Бек Нұрбьағамбет қорғайды. Кәсіпқой бокстан келген Бектен мамандар үлкен үміт күтеді. Басқа салмақтарда, яғни, 48 келіде Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов, 54 келіде Сабырхан Махмұт, 57 келіде Серік Теміржанов, 60 келіде Санаталі Төлтаев, 63.5 келіде Саматәлі Төлтаев, 67 келіде Абылайхан Жүсіпов, 71 келіде Асланбек Шымбергенов, 75 келіде Нұрқанат Райыс және 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нұрлан Сапарбай өнер көрсетеді. Бас-аяғы 13 жігіт. Айта кетейік, әлемдік аламан 24-ші қазанда басталады. Биыл оны Сербияның Белград қаласы қабылдайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button