Жаңалықтар
Абу-Дабиде топ жарған спортшылар Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы басшысымен кездесті

Бүгін, 3 желтоқсанда, Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының басшысы Алиев Ержан Эрикович Абу-Дабиде кикбоксингтен ересектер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдап, оларды құттықтады.
Айта кетейік, 2025 жылдың 21–30 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында кикбоксингтен Әлем чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додаға 85 елден 1964 спортшы қатысқан.
Астана қаласының намысын қорғаған спортшылар:
•Фулл-контакт бөлімінде Қуандыков Батырхан (67 кг) бас бәйгені жеңіп алып, Әлем чемпионы атанды.
•Лоу-кик бөлімінде Оздоев Алихан (67 кг) өте тартысты жекпе-жектер нәтижесінде күміс жүлдеге ие болды.
•Ал қола медальды лоу-кик бөлімінде Дауыпбаев Бекнур (91+ кг),
•К-1 бөлімінде Әбутәлі Әли (67 кг) жеңіп алды.
Кездесу барысында дирекция басшысы жаттықтырушылар мен спортшылардың ерен еңбегін атап өтіп, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа биіктерді бағындыруға тілектестігін білдірді.

