Жаңалықтар
Абу-Дабиде Көк Туымыз көкке көтерілді

2025 жылдың 21–30 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен Әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы кикбоксингтен табысты өнер көрсетті. Биылғы дүбірлі додаға 85 елден 1964 спортшы қатысып, әлемнің мықтылары боз кілемде бақ сынасты.
Астана қаласының спортшылары ел намысын қорғап, жеңіс туын желбіретті:
Фулл-контакт бөлімі:
•🥇 Қуандыков Батырхан – 67 кг (Астана)
К-1 бөлімі:
•🥉 Әбутәлі Әли – 67 кг (Астана)
Лоу-кик бөлімі:
•🥈 Оздоев Алихан – 67 кг (Астана)
•🥉 Дауыпбаев Бекнур – 91+ кг (Астана)
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Әлем чемпионатында ел намысын 49 спортшы қорғады.




