Дирекция туралы
Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы 2020 жылдың 20 қазан күні ресми тіркелді. Бірақ, бұл оның тарихы осы күннен басталады дегенді білдірмейді. Мекеме бұған дейін де болған. Бірақ, спорт мектебі ретінде қызмет етті. Енді дирекция. Атымен қатар, заты да басқаша форматқа, яғни, айтарлықтай жетілдірілген үлгіге ауыстырылды. Бұл дегеніміз – спорт саласындағы тың серпін әкелу үшін және спорттағы жетістіктерді еселеу үшін қолға алынғанын дәлелдейді. Мақсатымыз – жаттықтырушыларға және спортшыларға барынша қолдау жасау. Ең алдымен соларға қолайлы болу керек. Мысалы, «Толағай» спорт мектебінің қызмет аясы бұрын шектеулі еді. Енді, Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы сәйкесінше, жасөспірімдерден ересектерге дейінгі қаладағы барлық спортшыларға жауапты. Жарыс болсын, жаттығу жиыны болсын, өз тараптарынан жібере береді және туындаған мәселелерге қатысты да өздері шешім қабылданады.
Жаңадан құрылған дирекциялардың жұмыс ауқымы мен мүмкіндіктері кеңейтілді. Мәселен, олимпидалық спортқа жауапты мекемеге 58 спорт түрі мен 2 мыңнан аса спортшы берілді. Оның ішінде жазғы және қысқы олимпиадалық, паралимпиадалық, судрлимпиадалық бағыттары бар. Жалақы алатын спортшылар саны да еселеп артты. Бұның барлығы саладағы тыныс-тіршілікті жандандырып, жергілікті қыз-жігіттерге жағдай жасауға негізделген. Өйткені, оның артында қаланың, қала берді, елдің иммиджі бар. Түпкі мақсат – аты айтып тұрғандай дәл осы спортшылардан әлем және олимпиада чемпиондарын шығару. Соған мұрындық болу.
Айта кету керек, елордадағы басқарма бұндай жаңашылдықты алғаш болып қолға алды. Өңірлер арасында да алғашқы. Егер жарқын болашақта өз нәтижесін беріп жатса, әрине, басқа аймақтарға да үлгі болары анық. Айналып келгенде, бұл елдегі кәсіпқой, әуесқой және бұқаралық спортты дамытып, ұлт саулығын қалыптастыруға әсер етеді. Әсіресе, ұлт саулығы – бүгінде, маңыздылығы жағынан бәрінен жоғары.