Жаңалықтар

56 шақырымды жүзіп өтті

Су спортынан бірнеше дүркін Азия чемпионы Виталий Худяков Ыс­тық­көлді жүзіп өтті. 56 шақырым қа­шықтықты бағындырған ол бұл әре­кетін Токиодағы Олимпия ойында­рына арнаған. Себебі 5 тамызда төрт­жылдық додасында ашық суда жү­зуден жарыс басталуы тиіс еді. Худяков 5 тамызда Шолпан-Ата уақы­тымен таңғы 5:15-те жүзуді бастап, 13 сағат 18 минуттан кейін Каджи-Сая жаға­жайына жеткен. Судың температурасы 18-19 градус, ал жалпы қашықтық 56 шақырым болған. Аталған уақыт пен қашықтықты Қырғызстан жүзу федерациясының өкілі Ахмет Анарбаев тіркеген. Айта кетелік, Виталий Худяков Ақтөбе облысының атынан сынға түседі. Ол төрт рет Азия чемпионатында топ жарған (2013, 2017, 2018, 2019). Сондай-ақ 2014 және 2016 жылдары Жағажай ойындарында жеңіс­ке жеткен. Қазіргі сәтте Худяковтың қоржы­нында Токио Олимпиадасының жолдамасы бар.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button