Жаңалықтар

4-7 қазан аралығында джиу-джитсудан (файтинг) ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, Әлем чемпионатына іріктеу (22-26 қараша, Швеция), одан әрі, Астана Кубогі өтті. 

Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 300-ге жуық спортшы қатысты. ҚР чемпионатының нәтижесі:
Дуванова Галина – 1 орын;
Мамилов Ислам – 1 орын;
Кухарь Игорь – 1 орын;
Раимбеков Ардак – 1 орын;
Хабибулла Мансур – 2 орын;
Хамзе Баккуар – 2 орын.
Астана Кубогінде 700-ден аса спортшы қатысып, спортшыларымыз тағы да жоғары нәтиже көрсетті:
Дуванова Галина – 1 орын; 2 орын абсолюттік салмақта;
Мамилов Ислам – 1 орын;
Хабибулла Мансур – 1 орын; 1 орын абсолюттік салмақта;
Кухарь Игорь – 3 орын абсолюттік салмақта.
Спортшыларды және жаттықтырушылар Ержанов Саят Какимовичті, Рузахунов Арманжан Тургановичті құттықтаймыз! Әлем чемпионатында жеңіс тілейміз! 

Ұқсас мақалалар

Back to top button