Жаңалықтар

Бокстан Ануар Батырханов және Еламан Бутинбаев жартылай финалға өтті

141e6c5b-3cb1-4755-9d30-5dde9d0cdc3a

21 ақпан 2019 жыл, Астана қаласы «Толқын» спорт кешінінде Қазақстан құрама командасы бойынша ересектер арасында бокстан матчтық кездесу өтті. Матчтық кездесуге еліміздің бес облысынан қатысады. (Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Павлодар облыстары). Жалпы саны 74 боксшы, оның ішінде, «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінен барлығы он төрт спортшы бақталасатын болады. Бұл – Қызылорда қаласында өтетін IV Спартакиадаға іріктеу кездесуі.

Бүгін, аталмыш жарыстың алғашқы күнінде-ақ, «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінен алты боксшы тартысты бой көрсетіп, нәтижесінде 52 келі салмақ дәрежесінде екі спортшымыз Ануар Батырханов және Еламан Бутинбаев жартылай финалға өтті. Ал, 56 келі салмақ дәрежесінде Исахан Нұрсұлтан Ақмола облысының спортшысымен қолғап түйістіріп 3:0 есебімен басым түсті. Яғни, келесі айналымға жолдама алды.

Осы орайда, «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі келесі күндері өтетін бокс алаңында қалған спортшыларымызға ЖЕҢІМПАЗ болуын тілейді.

Айта кетейік, бұл матч 20-25 ақпан  аралығына созылатын болады.

#kazakhstan #қазақстан #астана   #спортжаңалықтар #жсшм #толағай #қорытынды #бұрқасын2019 #спортжаңалықтары #шаңғыжарысы #белбеукүресі #қолкүрес #қысқыфутбол #мотоспорт #арқантартыс #шайбалыxоккей #гіртасы #диплом #медаль #қорытынды #жаңалықтар #арнайы #толағай #жсшм #старт #бокс #борьба #велосипедныйспорт #гимнастикахудожественная #гребляакадемическая #дзюдо #киокушинкайкаратэ #таеквондо #гиревойспорт @shkola_tolagai @bolatmazhagulov @madeniet_sport.astana

Ұқсас мақалалар

Back to top button