Жаңалықтар
Джиу-джитсудан ҚР Чемпионаты, Семей қаласы.
Джиу-джитсу спорт түрінен 5 мен 10 қазан айы аралығында Семей қаласында ҚР Чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатқа Қазақстан Республикасының 13 облыс 2 қалаларынан 300ге жуық спортшылар ат салысты. «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінен» халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері және ҚР спорт шеберлері мектеп атынан күресіп жоғары нәтижелер көрсетті: Абжалбеков Э. – І орын 69 келі салмақ дәрежесі.
Раиымбеков А. – І орын 77 келі салмақ дәрежесі. Досмаганбетов Қ. – ІІ орын 64 келі салмақ дәрежесі.
Хамзе Б. – ІІ орын 69 келі салмақ дәрежесі.
Спортшыларымыз Азия және Әлем Чемпионаттарына іріктелді. Чемпиондарды Құттықтаймыз!